Тендерлерге мәслихат депутаттарының қатысуы заңмен шектелуі мүмкін

22.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Мәжіліс кулуарында депутат қазіргі уақытта мемлекеттік сатып алуларға қатысатын кейбір компаниялардың заңды өкілдері немесе құрылтайшылары арасында мәслихат депутаттары кездесетін жағдайлар бар екенін атап өтті.

— Мұны қалай түсінуге болады? Көптеген жоба көп жағдайда жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Балабақша, мектеп салудан бастап, жол құрылысын жүргізуге дейінгі жобалардың акционері, құрылтайшылары сол өңірдің мәслихат депутаты болуы мүмкін. Иә, ол бар. Ондай жағдай болып отыр. Сондықтан біз мүдделер қақтығысын жоққа шығаруымыз керек. Заңға тиісті өзгертулерді енгіземіз, — деді Бақытжан Базарбек.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Мәжілісте сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа заң жобасы әзірленіп жатыр. Сонымен қатар ұсынылып отырған заңнамалық түзетулер мүдделер қақтығысы анықталған жағдайда мемлекеттік сатып алу нәтижелерін жою тетігін қарастырады.

— Мемлекеттік сатып алу барысында немесе мүдделер қақтығысы болып жатса, кәсіпорын жеңімпаз атанса да, жаңа түзетулер бойынша барлық шығарылған шешім жойылады. Басқаша айтқанда, біз бастапқы жағдайға қайтадан келтіреміз, яғни, мұны мен әлеуметтік әділеттілік деп есептеймін, — деді депутат.

Бұған дейін мемлекеттік сатып алуда алаяқтық схемаларға қалай тосқауыл қойылатынын жазғанбыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью