Теңге ең тартымды валюталардың бірі Тимур Сүлейменов

01.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

- Қазақстан теңгесі өзінің тұрақтылығын дәлелдеді. Естеріңізде болса, жекелеген сарапшылар кезінде 1 доллар мың теңге, 2 мың теңге болатынын айтқан еді. Сол уақытта біз оған іргелі де, нарықтық да алғышарттардың мүлдем жоқ екенін айтқан болатынбыз. Дегенмен, тәжірибе көрсетіп отырғандай, теңге – тұрақты валюта. Өткен жылдың қорытындысында ол өте жақсы табыстылығын көрсетті. Қазіргі уақытта ең тартымды валюталардың бірі. Сіздер де халықаралық рейтингтерден, басқаларынан көріп отырсыздар, - деді Ұлттық банк төрағасы Мәжілістің жалпы отырысынан кейінгі брифингіде.

Оның пайымынша, дәл қазіргі уақытта Қазақстанда тәуекел мен табыстылық арақатынасы әлемдегі ең үздіктердің бірі саналады.

- Сондықтан ол инвестиция тартып, соған орай теңге нығая түсті, - деді Тимур Сүлейменов.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының құлдырау себебін атаған еді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью