Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Қазақстан Ұлттық банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнама нәтижесін жариялады. Сауалнама параметрлеріне Brent маркалы мұнай бағасы, Қазақстан экономикасының өсімі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты, сондай-ақ теңге бағамы кірген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстан Ұлттық банкі сарапшылар қауымдастығы арасында жүргізілген кезекті макроэкономикалық сауалнама нәтижесін жариялады. Сауалнама параметрлеріне Brent маркалы мұнай бағасы, Қазақстан экономикасының өсімі, инфляция, базалық мөлшерлеме, тауарлар мен қызметтердің экспорты және импорты, сондай-ақ теңге бағамы кірген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банк баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мұнай бағасы және экономикалық өсімМұнай бағасына қатысты сценарий шарттары барлық болжамды кезеңде жоғарыға қарай қайта қаралды. 2026 жылы Brent маркалы мұнай бағасы барреліне орта есеппен 86,1 доллар деңгейінде күтіледі (бұған дейін – 80 доллар), 2027 жылы – 75,0 доллар (70 доллар), 2028 жылы – 70,5 доллар (70 доллар).
Қазақстан экономикасының өсіміне қатысты болжамдар айтарлықтай өзгерген жоқ. Ортамерзімді кезеңде ЖІӨ өсімі біртіндеп әлеуетті деңгейге жақындайды деп күтіледі: 2026 жылы – 4,9 пайыз, 2027 жылы – 4,7 пайыз, 2028 жылы – 4,3 пайыз.
Доллар бағамыДоллардың теңгеге шаққандағы бағамы алдағы екі жылға төмендеу жағына қарай қайта қаралды: 2026 жыл – 498,8 теңге (бұған дейін – 515 теңге), 2027 жыл – 531,5 теңге (532,5 теңге), 2028 жыл – 562,5 теңге (550 теңге).
Инфляция және базалық мөлшерлемеОртамерзімді кезеңде респонденттердің инфляцияға қатысты күтулері біршама жақсарды. 2026 жылға арналған инфляцияға қатысты болжамдар медианасы 10,0 пайыз деңгейінде сақталды, ал 2027 және 2028 жылдарға арналған болжам тиісінше 8 пайыз және 6,8 пайыз деңгейіне дейін төмендеді (бұған дейін – 8,6 пайыз және 7 пайыз).
Базалық мөлшерлеме бойынша күтулер де қайта қаралды. 2026 жылы болжамдар медианасы 16 пайыз болды (бұған дейін – 15,9 пайыз). 2027 және 2028 жылдарға арналған бағалаулар инфляцияға қатысты күтулердің жақсаруына байланысты тиісінше 12,8 пайыз және 10,6 пайыз деңгейіне дейін төмендеді (бұған дейін – 13,3 пайыз және 11,3 пайыз).
Сауалнамаға қатысқан респонденттер құрамы туралыСауалнамаға Қазақстан бойынша макроэкономикалық көрсеткіштерді талдаумен және болжаумен айналысатын 16 ұйым қатысты. Респонденттер қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кіреді.
Макроэкономикалық сауалнамада Ұлттық банк болжамдары қамтылмағанын ескертеміз. Онда нарықтағы кәсіби қатысушылардың Қазақстан мен әлемдік нарықтағы жағдайдың дамуына қатысты тәуелсіз пікірлері, бағалаулары мен күтулеріне шолу берілген.
Бұл ретте Қазақстанда доллар 7 теңгеге қымбаттады. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 7,54 теңгеге көтеріліп, 485,55 теңге болды. Ұлттық банктің 28 мамырдағы ресми бағамы бір долларға 477,48 теңге.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу