Tengri Adam: нағыз батырларды бірге анықтайық

20.10.2026

Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Ер адам үйдің екінші қабатына өрмелеп шығып, сәбиді құтқаруға ұмтылады. Машинист адасып қалған балаға көмектесу үшін пойызды шұғыл тоқтатады. Әйел көз аштырмайтын ақтүтек боранда көліктерді жаяу бастап жүреді. Көшедегі куәгерлер әлсіздерге араша түседі, курьерлер алаяқтар зейнеткерлерді алдауына жол бермейді, ал еріктілер түні бойы жоғалған балаларды іздейді.

Осындай оқиғалар нағыз батырлар өз арамызда жүргенін еске салады. Өзгенің басына түскен қиындыққа бей-жай қарамай, қол ұшын созған жандарды марапаттау үшін Tengrinews.kz Республика күніне орай Tengri Adam байқауын бастайды.

Биыл осындай көптеген игі іс туралы материалдар жаздық. Редакция ең әсерлі 10 оқиғаны іріктеп алды. Енді басты жеңімпаздарды анықтау оқырмандардың қолында.

Қалай дауыс беруге болады? Дауыс беру 15 қарашаға дейін жалғасады. Tengrinews.kz сайтына немесе мобильді қосымшасына тіркелген кез келген қолданушы өзі таңдаған үміткерге дауыс бере алады (қосымшаны жаңартуды ұмытпаңыз).

Дауыс беру үшін аккаунтыңызға кіріп, байқаудың арнайы бетінде таңдаған үміткеріңізді белгілеп, дауысыңызды растаңыз. Бір рет дауыс беруге болады. Қайта дауыс беруге болмайды.

Жеңімпаздар қандай сыйлықтарға ие болады? Ең көп дауыс жинаған қатысушы Tengri Adam арнайы халық таңдауы сыйлығын және 2,5 миллион теңге алады. Ал үздік бестік финалға өтіп, қазылар алқасы 1 миллионнан 2,5 миллион теңгеге дейінгі ақшалай сыйлықтарды үлестіреді.

Tengri Adam арнайы бетінде 10 оқиғаның барлығы және байқау шарттары толық жарияланған.

Бұл жандар өзгелерге жұрт мақтасын деп емес, шын көңілмен көмектесті. Енді оларға алғыс айтып, еңбегін елге таныту өз қолымызда. Сізге ерекше әсер еткен оқиғаны таңдаңыз. Сілтемесін достарыңызбен бөлісіңіз. Әлемді өзгертуге үлес қосып жүрген жандарды бәрі білсін!

Маңызды ескерту. Редакциялық комиссия Tengrinews.kz сайтында 2026 жылғы 1 қаңтар мен 30 қыркүйек аралығында жарияланған материалдардың ішінен 10 оқиғаны іріктеп алды. Әрине, елге үлгі боларлық игі істер бұдан әлдеқайда көп. Алайда байқау шарты бойынша дауыс беруге қатысатын үміткерлер саны шектеулі. Оқиғаларды іріктеу кезінде жасалған істің қоғам үшін маңызы, болған жағдай мен еңсерілген қиындықтар, сондай-ақ, оның өзгелерге үлгі бола алуы ескерілді. Іріктеу шарттары туралы толығырақ байқау ережесінен оқуға болады.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью