Теңіз кен алаңындағы апат зерттеліп жатыр

22.01.2026

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Атырау облысының экология департаменті «Теңізшевройл» компаниясына қатысты тексеруді бастады. Өткен аптада «Теңіз» кен алаңындағы үш трансформатор өртенген. 

Сол кезде ауада күкіртсутегінің көлемі мөлшерден екі есе, ал көміртек оксиді бір жарым есеге дейін артқаны анықталды. Қазір «Теңіз» кен алаңында мұнай өндірісі уақытша тоқтатылды. Оқиға орнынан 400-дей адам эвакуацияланды. Арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

Ерлан Сатқанұлы, Экология департаменті басшысының орынбасары:

- Қазіргі таңда тергеу жүргізіліп жатқан жоқ, себебі ондағы барлық персонал эвакуацияланған, яғни нысанда болу қазіргі уақытта қауіпті. Біз өз тарапымыздан материалдарды жинақтап, танысудамыз. Материал қортындысы бойынша әрі қарай тиісті шаралар қабылданады, яғни тексеру жұмыстарын жүргізу туралы шешім қабылданады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью