Теңіз кен орнында өрт болып, 450 ден аса жұмысшы эвакуацияланды

18.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Нақтырақ айтқанда, төтенше жағдай Теңіз кен орнындағы Үшінші буын зауытының аумағында тіркелген.

– Өрт жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. ТШО-ның өндірістік қызметі тоқтаусыз, қалыпты режимде жалғасып жатыр. Қызметкерлердің қауіпсіздігі ТШО үшін басты басымдық болып қала береді. Компания оқиғаның түпкі себептерін белгіленген тәртіпке сәйкес анықтап жатыр. Бұдан басқа, ТШО өз операциялық қызметінің жекелеген мәселелері бойынша пікір білдірмейді, - деп мәлімдеді ТШО. 

Жалпы эвакуацияланған жұмысшылардың саны 450-ден асады.

Осы жағдайға байланысты Қазмұнайгаз компаниясының таратқан ақпаратына сүйенсек, алдымен кен орнындағы ГТЭС-4 нысанында GT-9.3 турбинасының трансформаторы, кейін ГТЭС-4 нысанындағы GT-9.5 трансформаторы қызыл жалынға оранған.

Осыған дейін, Астанада 14 қабатты тұрғын үйден өрт шыққанын хабарлаған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью