Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Қазіргі уақытта кен орнында бір вахтада әртүрлі мамандықтағы 10 мыңнан астам қызметкер еңбек етіп жатыр. Теңіз кен орнында қызметкерлерді сайлау учаскелеріне жеткізу үшін автобустар қатынап жатыр.
Фото: Теңізшевройл компаниясының баспасөз қызметінен— Теңіз кен орнында референдум өткізу үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Сайлау комиссияларымен бірлесіп объект аумағында уақытша дауыс беру учаскелері ұйымдастырылды, сондай-ақ оларға ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін қосымша шаралар қарастырылды. Бұл қызметкерлерге белгіленген тәртіпке сәйкес дауыс беруге мүмкіндік береді, — деді «Теңізшевройл» ЖШС Жұртшылықпен және үкіметпен байланыс бөлімінің бас менеджері Нұрмұхамед Қартабаев.
Қызметкерлердің айтуынша, кен орнында дауыс беруге қатысу үшін барлық қажетті жағдай жасалған.
Фото: Теңізшевройл компаниясының баспасөз қызметіненФото: Теңізшевройл компаниясының баспасөз қызметінен— Барлығы өте ыңғайлы ұйымдастырылған, учаскелер жұмыс аймақтарына жақын орналасқан, көлік бар. Әркім өзіне қолайлы уақытты таңдап, еркін дауыс бере алады. Үйімізден жырақта, яғни вахтада жүрсек те, оған қатыса алатынымыз қуантады, — деді «Теңізшевройл» ЖШС қызметкері Нұрсұлтан Ізбасаров.
Бұған дейін Серік Шәпкенов жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумда дауыс бергенін жазған едік.