Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
ҚР Энергетика министрлігі Теңіз кен орнында өндірістік жұмыстардың қайта жанданғанын хабарлады.
Жедел штабтың мәліметінше, 31 қаңтар күні сағат 03:35-те алғашқы ұңғыма (ТӨҚ-52) ашылып, технологиялық қондырғылар (PBF нысаны) іске қосылды және қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Қазір бес ұңғыма жұмыс істеп тұр. «Теңізшевройл» техникалық қызметтері келесі топтық өлшемдік қондырғыны (ТӨҚ-53) іске қосуға дайындық жүргізуде. Мұнай өндіру көлемі жүйе параметрлері тұрақтанған сайын және қауіпсіздік толық қамтамасыз етілгеннен кейін кезең-кезеңімен арта бермек.
Бұған дейін, 26 қаңтарда, Екінші буын зауыты іске қосылған болатын. Оның жұмысы қазір жұмыс істеп тұрған Королев кенішінен жеткізілетін шикізатпен қамтамасыз етіледі.
Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жобаның жоспарлы қуатқа шығу мерзімін қысқарту үшін операторға жан-жақты қолдау көрсетіп отыр. Қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру үшін өндірістік нысандарда энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев жүр. Жағдай тұрақты бақылауда, басты назар – өндірістік қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау.
Бүгін, 12:06