Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Нәтижесінде 27 шетел азаматы Қазақстан Республикасының аумағынан шығарылды.
Атырау облыстық ПД мәліметінше, оларға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар Жылыой аудандық сотына жолданған.
— Көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында шетел азаматтары мен оларды қабылдаушы тұлғалар арасында түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Оларға елімізде болу талаптары мен мерзімдерін сақтау қажеттілігі түсіндіріліп, заң бұзушылықтардың алдын алу бағытында тиісті шаралар қабылданып жатыр, — деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.
Бұған дейін Жамбыл облысында заңсыз көші-қон арнасы анықталғанын жазған едік.