Теңіз кенішіндегі өрт: Министр өндіріс қашан қайта жанданатынын айтты

28.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Қазақстандағы ең ірі мұнай-газ кен орны – Теңізде мұнай өндіру алдағы бір апта ішінде толық қалпына келтіріледі. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Мәжіліс кулуарында мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: ТШО

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда Королевское және Теңіз кен орындарындағы жұмыстар ішінара қалпына келтірілген, ал іске қосу нысанның технологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.

«Теңізді екі күн бұрын іске қостық, Королевское кен орны да жұмысын бастады. Қазір өндіру көлемі біртіндеп артып келеді. Мұның күрделі технологиялық процесс екенін түсіну керек», деді ол.

КТК теңіз терминалында мұнай тиеу қайта іске қосылды

Ақкенженовтің айтуынша, кен орнында әртүрлі қуаттағы шамамен 30 трансформатор жұмыс істейді, олардың басым бөлігі 110 киловольттық. Оқиға салдарынан үш трансформатор зақымданған.

«Үшеуі жанып кетті – бұл критикалық маңызы бар жабдықтар. Біз олардың бір бөлігін қалпына келтірдік, қазір кен орнын кезең-кезеңімен іске қосып жатырмыз. Алғашқы газ берілді. Бір апта ішінде Теңіз кен орны толық жұмысын бастайды», деп атап өтті министр.

Оның сөзінше, қалпына келтіру жұмыстары бақылауда, ал мұнай өндіру біртіндеп, қалыпты режимде арттырылады.

Мұнай өндірісі тоқтап тұр: Энергетика министрлігі Теңіз кен орнында тексеру жүргізіп жатыр

Еске сала кетейік, 18 қаңтар күні таңертең Атырау облысының Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы үшінші буын зауытында өрт шыққан еді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью