Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Жағажай академиясының пайымдауынша, етік 150 жыл бұрын Таскер-Рок маңында суға батқан итальяндық жүк кемесіне тиелген болуы мүмкін.
— Табылған аяқ киімде ерлерге де, әйелдерге де тиесілі, — деп хабарлады ұйымның еріктілері.
Жағажай академиясы бір аптаның ішінде 200-ге жуық жұп аяқ киім тапқанын атап өтті. Кейбіреулерінің жақсы сақталғаны сонша, олар патшайым Виктория тұсында жасалғаны анық байқалды. Виктория патшайым 1837 жылдан 1901 жылға дейін билік етті.
Айта кетейік, Бір ғасырға жуық уақыт бойы жоғалды деп есептелген флоренциялық алмаз Канададан табылды.