Теңізде мұнай өндіру қалпына келтірілді Энергетика министрі

11.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

— Теңіз мұнай өндіруді қалпына келтірді. Тәулігіне 120 мың тоннаға дейін өндіріліп жатыр, — деді министр бүгін Мәжілістің жалпы отырысынан кейін.

Сонымен қатар ол кен орнының жұмысын тоқтауына себеп болған өртке қатысты мәліметтердің алдағы уақытта белгілі болатынын айтты.

— Қазіргі уақытта комиссия жұмысын аяқтап қалды. Таяуда нәтижесі белгілі болады, — деді Ерлан Ақкенженов.

Айта кетейік, 28 қаңтарда Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Теңіз кен орнында жанып кеткен трансформаторлар жөнделіп, мұнай өндіру бір апта ішінде қалпына келтірілетіні туралы айтқан еді

Еске салсақ Қазақстанның стратегиялық нысандарын қорғау күшейтілген еді

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью