Теңізшевройл компаниясының мұнай тиелген танкеріне шабуыл жасалды

30.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Фото: kursivm

«Ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылы салдарынан танкердің жүк палубасындағы мұнай қабылдау манифольдтары орналасқан аумақта өрт шықты. Өрт танкер экипажының және КҚК-ның үш көмекші кемесінің күшімен сөндірілді», делінген консорциум хабарламасында.

Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылды

Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Сондай-ақ мұнайдың теңізге төгілуіне жол берілмеген. Бұдан бөлек, терминалдан 6 теңіз милі қашықта MARATHI танкеріне де шабуыл жасалған.

«Осылайша, Қазақстан Республикасының және КҚК-ның басқа да шетелдік акционерлерінің, оның ішінде АҚШ Мемлекеттік департаменті арқылы халықаралық энергетикалық инфрақұрылым нысандарына күш қолдануға жол бермеу жөніндегі үндеулері ескерусіз қалды», деп мәлімдеді консорциум.

Қазақстанның мұнайын тасымалдайтын «Chevron» танкеріне шабуыл жасалды

Осы оқиғадан кейін мұнай тиеу жұмыстары тағы да уақытша тоқтатылды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью