Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
"Теңізшевройл" (ТШО) компаниясы өз нысандарының біріндегі өндірістік іркіліске тап болды. Қазіргі уақытта ТШО-да өндіріс қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Теңізшевройл" (ТШО) компаниясы өз нысандарының біріндегі өндірістік іркіліске тап болды. Қазіргі уақытта ТШО-да өндіріс қалпына келтіріліп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Компанияның өзі бұл іркілісті "болмашы" деп сипаттап, егжей-тегжейін ашып айтпады.
"ТШО-ның басымдығы – қауіпсіз және сенімді өндірістік қызметті қамтамасыз ету. Бұдан бөлек, ТШО өзінің өндірістік қызметі мен коммерциялық мәселелерінің нақты мәліметтеріне түсініктеме бермейді", - деп мәлімдеді ТШО-ның жұртшылықпен байланыс жөніндегі менеджері Фархат Әбілов.
Анықтама:"Теңізшевройл" (ТШО) ЖШС - Атырау облысындағы Теңіз және Королевское кен орындарын игерумен айналысатын мұнай-газ кәсіпорны. Қазақстандағы ең ірі мұнай өндірушілердің бірі. Компания өндіретін мұнайдың басым бөлігі Каспий құбыр консорциумы (КҚК) арқылы экспортталады.