Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Аталған компания өкілдерінің хабарлауынша, кәсіпорынның өндірістік үдерістерінің тоқтап қалу қаупін азайту мақсатында баламалы шикізат жеткізушілермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Осыған орай, баламалы жеткізушілерден шамамен 11 000 тонна пропан алу жоспарланып отыр.
Айта кетсек, бүгінде KPI аумағындағы буллиттерде 3 364 тонна пропан қоры бар.
Сонымен қатар кәсіпорында дайын өнімнің жеткілікті көлемі сақталған, бұл сұранысты қанағаттандыруға және клиенттер алдындағы барлық міндеттемені орындауға мүмкіндік береді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Теңіз кен орнындағы апаттан қанша шығын келгенін жазған едік.
Бұдан бұрын 18 қаңтарда Теңіз кен орнында өрт болып, 450-ден аса жұмысшы эвакуацияланған еді. Ал бір күннен кейін ТШО Теңіз және Королев кен орындарындағы өндірісті уақытша тоқтатқанын хабарлаған еді.
Ал 26 қаңтарда Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды.