Теннисші Анна Данилина Мексикадағы турнирдің ширек финалына өтті

26.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстан құрамасының өкілі Анна Данилина Мексиканың Монтеррей қаласында өтіп жатқан WTA 500 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, - деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші бұл бәсекеде жұптық сында өнер көрсетіп жатыр.

1/8 финалда Анна Данилина жапониялық Мию Катомен бірге Қытай өкілі Цяньхуэй Тан мен мексикалық Рената Сарасуа жұбын жеңді.

Кездесу 4:6, 6:2, 10:6 есебімен қазақстандық-жапониялық жұптың пайдасына аяқталды.

Келесі кезеңде Анна Данилина мен Мию Като ресейлік Мария Козырева мен Майя Ламсденге қарсы ойнайды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью