Теннистен әлем чемпионатының финалдық кезеңінде ел намысын кімдер қорғайды?

31.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Фото: ktf.kz

22-27 қыркүйек аралығында Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы Shenzhen Bay Sports Center Arena кешенінде өтетін додада теннисшілеріміз әлем чемпионы атағы үшін сынға түседі.

Қазақстан құрамасының сапында:

Елена Рыбакина (WTA рейтингінде №2); Анна Данилина (жұптық сында әлемнің №6 ракеткасы); Юлия Путинцева (WTA №81); Жібек Құламбаева (жұптық сында №115); Соня Жиенбаева (WTA №735).

Елена Рыбакина WTA әлемдік рейтингінде 2-орнын сақтап қалды

Әлемдік Billie Jean King Cup рейтингінде 7-орында тұрған Қазақстан құрамасы турнирді 23 қыркүйекте рейтингте төртінші орында тұрған Испания құрамасына қарсы ширек финалдық кездесумен бастайды. Матч Қазақстан уақытымен сағат 14:00-де өтеді.

Әрбір матчтық кездесуде екі жекелей және бір жұптық ойын ойналады.

Турнир кестесі:

22 қыркүйек (сейсенбі)

Чехия – Ұлыбритания (ширек финал)

23 қыркүйек (сәрсенбі)

Қазақстан – Испания (ширек финал)

24 қыркүйек (бейсенбі)

Украина – Бельгия (ширек финал) Қытай – Италия (ширек финал)

25 қыркүйек (жұма)

Жартылай финал

1-ширек финал жеңімпазы – 2-ширек финал жеңімпазы

26 қыркүйек (сенбі)

Жартылай финал

3-ширек финал жеңімпазы – 4-ширек финал жеңімпазы

27 қыркүйек (жексенбі)

Финал

Елена Рыбакина Уимблдонның үшінші айналымында Элизе Мертенстен жеңілді

Айта кетейік, Елена Рыбакина әлемдегі ең жоғары табыс тапқан теннисшілер рейтингінде 10-орынға тұрақтады. Оның жалпы табысы – 16,3 миллион доллар. Оның ішінде 11,3 миллион доллар – жүлде қоры, ал 5 миллион доллар – демеушілік келісімшарттардан түскен табыс

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью