Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз Тоқаев

30.06.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Президенттің айтуынша, бүгінгі Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы Қазақстан тарихындағы айрықша маңызды оқиға.

"Бүгінгі Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысының тарихи мән-маңызы айрықша деп айтсақ, дұрыс болар. Бұл дүйім халқымыз үшін де айқын нәрсе, ақиқат", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жиында Парламенттің кезекті сессасы ғана емес, Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тұтас бір дәуір қорытындыланып отырғанын атап өтті.

"Бүгін біз мемлекетіміздің заң шығарушы органы – Парламенттің кезекті сессиясын аяқтап, Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тұтас бір дәуірді қорытындылап отырмыз. Осылайша, тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз", – деді Президент.

Мемлекет басшысы ертеңнен бастап Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы заңды күшіне енетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл құжатпен бірге мемлекеттік билік жүйесі де түбегейлі жаңарады.

"Ертең Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы заңды күшіне енеді. Ұлт заңымен қатар, мемлекеттік билік жүйесі де түбегейлі жаңа сипатқа ие болмақ. Қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай келеді. Жалпы, бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью