Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Ата Заңның қазақ тіліндегі мәтінімен жұмыс істейтін арнайы топ құрылып, жүйелі әрі нәтижелі жұмыс атқарылды. Бұл туралы Конституциялық комиссияның сегізінші отырысында ҚазГЗУ АҚ басқарма төрағасы, профессор Талғат Нәрікбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: adyrna.kz
Профессордың айтуынша, жаңа Ата заңның қазақша мәтіні тілге жеңіл, құрылымы жатық терминдер жүйеленіп, қазақ тілі заңдылығына сай жазылған.
«Комиссияның алғашқы отырысында көтерілген терминдердің бірізділігі мәселесінің ескерілгенін атап өткім келеді. Мысалы, заңгерлер қолданыстағы Конституцияда «құқылы», «хақылы», «құқығы бар», «құқығы жоқ», «хақысы бар» сияқты терминдер әртүрлі контексте қолданылатынын жиі сынға алатын. Жаңа мәтінде осы терминдер мағынасына қарай жүйеленіп, бірізге түскен. Сондай-ақ терминология мәселесінде қазақ тіліндегі заңдылықтар пен ерекшеліктер ескерілген», дейді ол.
Эльвира Әзімова: Комиссия хатшылығына 4 мыңнан астам ұсыныс келген
Сондай-ақ ҚазГЗУ АҚ басқарма төрағасы Ата заңның жаңа мәтінін әріптестерімен бірге оқып шыққанын, соның ішінде калька құрылымдар жүйеленіп, жатық жазылғанын жеткізді.
«Бұрынғы редакцияда жиі кездесетін «болып табылады», «жүзеге асырады» сияқты калькалық құрылымдар жаңа мәтінде жоқтың қасы. Қолданылған тұстардың өзінде де олар орынды әрі тілдік жағынан үйлесімді берілген», деді Талғат Нәрікбаев.
Естеріңізге салайық, 31 қаңтарда Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия жаңа Ата Заңның жобасын жариялады.
Соңғы жаңалықтар
Қоғам • Бүгін, 17:38
Жетісу облысының тұрғындарына жер сілкінісі сезілді
Төтенше жағдай • Бүгін, 17:22
Жаңа Конституцияда теңгені ұлттық валюта ретінде бекіту ұсынылды
Қоғам • Бүгін, 17:19
Эльвира Әзімова: Комиссия хатшылығына 4 мыңнан астам ұсыныс келген
Ата заң • Бүгін, 17:13
Конституциялық реформа жастарға қандай мүмкіндіктер ұсынады?
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасөспірімдерді жаман әдеттен қалай қорғаймыз?
Аймақтар • Бүгін, 16:58
Нұрхат Ораш: Ата заң жай ғана құқықтық ережелер жинағы емес
Жастар • Бүгін, 16:48
Мемлекет басшысының Пәкістандық The News International басылымына берген сұхбаты жарияланды
Президент • Бүгін, 16:38
Экс-судья Айгүл Сайлыбаеваның өлімі: Марқұмның күйеуіне қатысты видео тарады
Оқиға • Бүгін, 16:29
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Ата заңдағы өзгерістерді өңірлерде түсіндіреді
Ата заң • Бүгін, 16:15
Алматы облысында жеке тұрғын үйден төрт адамның мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 15:54
Роналду «Әл-Насрдан» мерзімінен бұрын кетуі мүмкін
Әлем • Бүгін, 15:44
Алматыда ірі жол апаты болды: Такси жүргізушісінің жүрегі тоқтап қалған
Оқиға • Бүгін, 15:33
Өлмек пе, қалмақ па? Шерхан Мұртаза & Колбин
Өнер • Бүгін, 15:25
Оқушыларға мамандық таңдасатын ЖИ-агент іске қосылды
Білім • Бүгін, 15:11