“Терренкур базарға айналып барады“ алматылықтар танымал орынды сақтап қалуды сұрайды

08.07.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Алматыдағы Тереңқұр - жаяу серуендеу және спортпен шұғылдануға арналған ең танымал маршруттардың бірі. Алайда кейінгі уақытта тұрғындар осы жердің атмосферасын бұзатын бей-берекет саудаға жиі шағымданатын болды. Қалалық әкімдік жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Туристік орындар - қаланың ажары!"

Алматылық әйел танымал әлеуметтік желіде эмоционалды жазба жариялады. Ол Тереңқұр бойында сауда нүктелері көбейіп бара жатқанын атап өтіп, әкімдіктен бұл аумақта бақылауды күшейтуді сұрады.

"Тереңқұрдың бойы нағыз базарға айналып барады! Саудагерлер қаптап кеткен: тәтті мақта, жүгері және тағы басқаларын табуреткаға қойып сатып отыр! Неге барлық жерді барахолкаға айналдыру керек?! Әкімдік, өтініш, осыны бақылауға алыңыздаршы. Туристік орындар - қаланың ажары ғой! Оның үстіне, тыйым салынғанына қарамастан, самокаттар да жүйткіп жүр!" - деді ол.

Пікір қалдырушылардың көбі оның бұл ұстанымын қолдаған.

"Осындай сауда шаршатты, тыныштық пен табиғатты тамашалағың келгенде, осындай әдемі жерлердің бәрі базарға айналып кетеді". "Дұрыс айтасыз, базар көп, бірақ Тереңқұр біреу-ақ". "Сізбен келісемін! Әкімдік, тиісті шара қолданыңыздаршы. Арбатта, Көктөбеде және екі Тереңқұрда да бей-берекет базарлар қаптап кетті. Салық төлеушілердің ақшасына жөнделген көрікті жерлердің сыртқы келбетін бұзып тұр". "Кеше досыммен Тереңқұрда серуендедік, халық өте көп. Өкінішке қарай, бұл жер танымал болмай тұрған кездегі атмосферасын жоғалтыпты". "Бұл жерді ешкім біле бермейтін кезде сондай тыныш болатын, өзеннің сылдыры естіліп, адам да аз еді, сондай тамаша болатын. Ал қазір бәрі астаң-кестең базарға айналды". "Егер біреулер мазаңызды алып, бірдеңені сатып алуды немесе жай ғана суретке, видеоға түсуді еріксіз ұсынса - eOtinish-ке жазыңыз, содан кейін ол адамды қайтып көрмейтін боласыз. Мәселе жоқ жерден неге проблема жасау керек?" "Барлық жердегі бұл бей-берекет саудадан шаршадық, жүру мүмкін емес. Егер сауда жасау керек болса, мұндай бейберекетсіздік емес, арнайы әдемі дүңгіршектерде ұйымдасқан сауда болсын". Әкімдік ұстанымы

Біз пікір алу үшін қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне хабарластық. Бізге аталған аумақта тәртіп орнатылып, заңсыз сауда нүктелері алып тасталғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта аумақ тиісті санитарлық жағдайға келтірілді. Стихиялық сауда деректеріне жол бермеу жұмыстары уәкілетті қызметтермен бірлесіп тұрақты негізде жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады әкімдіктегілер.

Сонымен қатар, заңсыз сауда жасағандарға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 204-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, заңда көзделген шаралар қабылданғаны айтылды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью