Тесттегі оғаш тапсырмалар қазақстандықтарды аң таң қалдырды: министрліктің жауабы

01.10.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар ББЖМ (Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі) тестеріндегі оғаш көрінген тапсырмаларды бөлісті. Оқу-ағарту министрлігі бұл жазбаларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Edu тілшісі.

"Ештеңе таңғалдырмай ма?"

Әлеуметтік желіде мектеп оқушысының анасы 4-сыныпқа арналған ББЖМ-ның тесті деп көрсеткен тапсырма скриншотын жариялады. Онда шөпқоректі жануарлар туралы сұраққа оғаш жауап нұсқалары берілген.

Скриншот: Threads

Редакция тілшісі қалыптасқан жағдайға байланысты пікір алу үшін Оқу-ағарту министрлігіне жүгінді.

Анықтама: ББЖМ – бұл білім беру ұйымдарына тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі бақылау шарасы. Ол мектептерде оқушылардың білімін бағалау және олардың мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін анықтау үшін өткізіледі. Тексеру үш бағытты қамтиды: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және жаратылыстану ғылыми сауаттылығы.

"Бұл ББЖМ тапсырмасы емес"

Оқу-ағарту министрлігі "А.Байтұрсынұлы атындағы "Талдау" білім беруді зерттеу және бағалау ұлттық орталығы" әлеуметтік желілерде жарияланған ББЖМ-ның болжамды тест тапсырмасына қатысты тексеріс жүргізгенін хабарлады.

"Әлеуметтік желіде жарияланған тест тапсырмасының суреті "Талдау" орталығы әзірлеген ресми тест тапсырмалары жинағына кірмейтіні анықталды", - деп хабарлады министрлік.

Ведомство өкілдері ББЖМ тест тапсырмалары МЖМБС талаптары мен онда көрсетілген оқудың күтілетін нәтижелері ескеріле отырып құрастырылатынын атап өтті.

"Тапсырмаларды әзірлеуге конкурстық негізде тест материалдарын дайындау мен сараптамадан өткізу саласында тиісті тәжірибесі бар мамандар тартылады. Сонымен қатар әзірленген тест тапсырмаларына МЖМБС талаптарына сәйкестігі бойынша қосымша сараптама жүргізіледі", - деп түсіндірді министрлік өкілдері.

Анықтама: МЖМБС - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.

Айта кетейік, тілші 4-сыныпқа арналған ББЖМ-ның құпиялылық режимінен шығарылған тапсырмаларымен жеке танысып шықты. Сілтемені министрлік ұсынды. Ұсынылған материалдарда скриншотта көрсетілген тапсырма табылмады.

Тағы оқыңыз: “Қыргүйек“ пен “көгөніс“ қайдан шықты? Тіл мамандары күтпеген себепті атады

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью