Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
— Екі жыл бұрын The Washington Post басылымына ауысып келгеннен кейін, менің кетуім үшін дұрыс уақыт келді… Менің жұмыс істеген уақытымда Тhe Post-тың тұрақты болашағын қамтамасыз ету және миллиондаған оқырман үшін күнделікті жоғары сапалы, бейтарап жаңалықтарды жариялауда қиын шешімдер қабылданды, — деп жазды Льюис қызметкерлерге жазған хатында.
Енді The Washington Post баспагері мен бас директорының міндетін газеттің қаржы директоры Джефф Д ' Онофрио атқарады.
Айта кетейік, Уилл Льюис 2023 жылы газеттің баспагері және бас директоры қызметін 10 жылға жуық атқарған Фред Райанның орнына келген болатын.
Еске салайық, бұған дейін беделді The Washington Post басылымы Маңғыстау облысының ландшафттарына назар аударған еді.