Тиімді қорғаныс мол өнім кепілі

22.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қабылданған шаралар нә­тижесінде елімізде шегірт­ке зиян­кестеріне қарсы қор­ға­ныс іс-шаралары толық аяқ­тал­ды. Кейінгі екі жылда фито­сани­тарлық қызметті кезең-ке­зеңімен жаңғырту, заманауи­ мо­ниторинг технологияларын енгізу, қорғаныс жұмысын ұйым­дастыру тәсілдерін жетіл­ді­ру нәтижесінде химиялық өң­деу жүргізілген алқап көлемі
3,1 млн гектардан 1,8 млн гек­тар­ға дейін қысқарып, 42%-ға азай­ды. Сонымен қатар ауыл ша­руашылығы дақылдарының за­қым­дануына жол берілген жоқ.

Қол жеткізілген нәтижелер зиянкестердің жаппай тара­луына ден қою тәсілінен қауіп-қатерді ерте анықтау, ошақ­тар­ды жедел оқшаулауға және фитосанитарлық тәуекел­дерді алдын алуға негізделген заманауи басқару жүйесіне көшуге мүмкіндік береді.

Биыл химиялық өңдеу жұ­мысы агротехникалық талап­тарға сәйкес оңтайлы мер­зімде 1,8 млн гектар алқапта жүр­гізілді. Барлық іс-шара Үкі­мет­тің фитосанитарлық қауіп­сіз­дікті қамтамасыз ету мен ауыл шаруашылығы алқап­тарын қорғау жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде қолға алынды.

Реформалаудың басым ба­ғыттарының бірі – өсім­дік­терді қорғау құралдарын жет­кізуден бастап, химиялық өңдеу жұмысын жүргізуге дейінгі бар­лық кезеңді қамтитын сатып алудың бірыңғай кешен­ді форматына көшу. Бұл түп­­кілікті нәтижеге жауап­кер­шілікті нақты бір мер­дігер­ге жүктеуге, қорғаныс іс-шара­ларын ұйымдастыру сапа­сын арттыруға және олардың уақ­тылы орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Сонымен бірге айтарлық­тай экономикалық нәтижеге қол жеткізілді. Биыл бюджет шығыс­тары 2 млрд теңгеге немесе 2024 жылмен салыстырған­да 25% қысқарды.

Саланы жаңғыртудың тағы бір маңызды қадамы – цифр­­лық трансформация­лау. Ауыл шаруашылығы ми­нистр­лігі нақты уақыт режі­мінде фито­санитарлық ахуал­ды қа­дағалауды, фито­сани­тар­лық зерттеу нәтижелерін цифр­лық форматта тіркеуді, зиян­кестердің таралу ошақта­рын бақы­лауды және жедел бас­­­қа­рушылық шешімдер қа­был­дауды қамтамасыз ететін FITOCENTRE геоақпараттық жүйесін әзірлеп, қолданысқа енгізді.

Сонымен қатар мате­риал­дық-техникалық база айтар­лықтай жаңартылды. Мони­торинг жүргізу мен химиялық өңдеу жұмысын орындау үшін, оның ішінде жетуі қиын аумақ­тарда пайдаланылатын 103 пилотсыз ұшу аппараты сатып алынды. Бүрку техникасының саны 427-ден 556 бірлікке дейін ұлғайтылып, қорғаныс іс-шараларын жүргізудің жедел­дігі едәуір артты.

Қабылданған шешімдер нәтижесі тиімділігін толықтай дәлелдеді. Химиялық өңдеу алаңының 42%-ға қысқаруы зиянкестердің таралу ошақта­ры ерте кезеңде анықталып, уақтылы оқшауланатынын көрсетеді. Соның нәтижесінде қорғаныс шаралары неғұрлым нысаналы жүргізіліп, шығындар азайып, мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігі артты.

Фитосанитарлық қауіп­сіздікті одан әрі нығай­ту жөніндегі жұмыс жал­ға­са­ды. Қазір шекара маңын­дағы аумақтардағы фито­сани­тарлық жағдай тұрақты. Шегіртке зиянкестерінің көшу жағдайлары тіркелген жоқ. Барлық қажетті техника шекара маңындағы аумақтарға шоғырланған және қорғаныс іс-шараларын жедел жүргізуге дайын.

Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігі фитосанитарлық ахуалға үздіксіз мониторинг жүргізіп, жағдайды ерекше бақылауда ұстап отыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью