Тиімді шаралар қабылдау қажет : Тоқаев үкіметтің жұмысына баға берді

10.02.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Бектенов басқаратын үкіметтің жұмысына баға берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында премьер-министр өткен жылдың жұмысы бойынша есеп берді. Ел экономикасын дамыту шараларының нәтижесін, сондай-ақ, өзекті проблемаларды да айтты. Премьердің баяндамасынан кейін президент үкіметтің жұмысына өз бағасын берді.

"Жалпы, өткен жылды табысты аяқтадық. Маңызды экономикалық көрсеткіштер бойынша айтарлықтай өсім бар. Сыртқы ахуал күрделі болып тұрғанын ескерсек, мұны жақсы нәтиже деуге болады. Бірақ алда жұмыс көп. Эконмикалық дамудың жаңа үлгісіне толық көшу үшін нақты әрі тиімді шаралар қабылдау қажет", - деді Тоқаев.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью