Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
"Қызылорда - Павлодар" пойызының жолаушысы жолсерігіне шағымданды. Оның айтуынша, купесіне өзін өте дөрекі ұстаған мас ер адамды жайғастырған. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Travel.
"Қызылорда - Павлодар" пойызының жолаушысы жолсерігіне шағымданды. Оның айтуынша, купесіне өзін өте дөрекі ұстаған мас ер адамды жайғастырған. Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Travel.
ВидеоӘйел адам Threads желісінде жазба жариялады. Оның айтуынша, оқиға 26 сәуірде болған. Әйел купеде баласымен бірге болған.
Скриншот: Threads"Уақыт түнгі 00:30 еді, Қазалы станциясы. Билет бойынша жолаушының орны № 29 болуы тиіс еді, бірақ оны № 1 орынға - менің купеме ауыстырыпты. Ол мас күйінде болды, тиісе бастады, балағаттап, өзін дөрекі ұстады", - деді ол.
Көршісінен сескенген әйел түнгі сағат 3-те Сексеуіл станциясында полицияға қоңырау шалған.
"Шамамен бес сағаттан кейін, таңертең полиция қызметкері келіп, түсініктеме алды. Үш тәулік бойы ұйқы көрмей, физикалық тұрғыдан шаршағандықтан, сондай-ақ өзім мен баламның қауіпсіздігі үшін және ол адам бізді жайымызға қалдырмай ма деп қорыққандықтан, әрі ол адамды басқа жерге ауыстырған соң, ешқандай шағымым жоқ деген арызға қол қойып, видеоүндеу түсірдім", - дедті ол.
Сондай-ақ ол ресми шағымды қайта түсіретінін және оқиғаның мән-жайын тексеруді талап ететінін жеткізді.
Көліктегі ПД не дейді?Осы жағдай бойынша Көліктегі полиция департаментіне хабарластық. Ондағылар тәртіп бұзушының табылғанын хабарлады.
"Оған қатысты қоғамдық орында мас күйінде жүргені және ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалды", - деп атап өтті Көліктегі ПД.
Енді іс материалдары сотқа жіберіледі.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу