TikTok арқылы терроризмді насихаттаған ер адам 7 жылға сотталды

09.02.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 9 ақпан – Sputnik. Абай облысының тұрғыны әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттағаны үшін сотталды.

Семей қаласының тұрғынына онлайн-платформаларды пайдалана отырып терроризмді насихаттады деген айып тағылды.

"2024 жылдың шілде айынан 2025 жылдың сәуір айына дейін айыпталушы "TikTok" әлеуметтік желісіндегі анонимді аккаунттар арқылы, сондай-ақ азаматтармен жеке әңгімелер барысында террористік сипаттағы материалдарды таратқан. Аталған материалдар зорлық-зомбылық идеологиясын қамтып, террористік қызметті ақтаған", - деп жазылған бас прокуратура хабарламасында.

Сот үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігімен (терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру) кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Бас прокуратура Қазақстанда "Ислам мемлекеті" халықаралық террористік ұйымының қызметі террористік деп танылып, тыйым салынғанын ескертті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью