TikTok та балағат сөздер айтқан бойжеткен 10 тәулікке қамалды

30.07.2026

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Фото: видеодан алынған кадр

Полицияның мәліметінше, эфир барысында бойжеткен балағат сөздер айтып, қоғамдық әдеп нормаларын бұзған. Сондай-ақ есірткі қолданатыны туралы мәлімдеме жасаған.

Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде құқықбұзушының жеке басы анықталды. Ол – Түркістан облысының тумасы, Семей қаласында уақытша тұрып жатқан 26 жастағы Азиза Қоқанова.

Медициналық куәландыру қорытындысы бойынша, бойжеткеннің алкогольдік масаң күйде болғаны белгілі болды.

Сот шешімімен оған ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілердегі құқыққа қайшы контентті анықтау және оның жолын кесу бойынша жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті. Ведомствоның мәлімдеуінше, интернет кеңістігінде заң талаптарын бұзған әрбір әрекет құқықтық тұрғыдан бағаланып, кінәлілер заң аясында жауапкершілікке тартылады.

Еске салайық, бұған дейін TikTok-та бір-бірін ұрып-соққан блогерлер жазаға тартылғанын хабарлаған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью