TikTok та балағат сөздер айтқан Түркістан тұрғыны жауапқа тартылды

31.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Фото: видеодан алынған кадр

Түркістан облысы полициясының мәліметінше, интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында TikTok желісіндегі тікелей эфирде агрессивті мінез-құлық танытып, бейәдеп сөздер қолданған әйелдің видеосы анықталған.

Тексеру нәтижесінде құқықбұзушының 39 жастағы жергілікті тұрғын Баян Шанкеева екені белгілі болды.

Жиналған материалдар сотқа жолданып, сот шешімімен әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция азаматтарға қоғамдық тәртіп талаптары тек күнделікті өмірде ғана емес, әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде де сақталуы тиіс екенін еске салды.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде қоғамдық тәртіпті бұзған 26 жастағы бойжеткен әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ ақшалай сыйақы үшін бір-бірін ұрып-соққан 19 жастағы TikTok блогерлері жауапқа тартылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью