TikTok та өзін алып қашты деп видео жариялаған қыз жазаланды

09.02.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Алматы облысында өзін алып қашты деп жалған видео жариялаған қыз сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында өзін алып қашты деп жалған видео жариялаған қыз сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

15 қаңтарда шамамен сағат 20:00-де К. TikTok желісіне өзін алып қашқаны туралы видео жариялағаны анықталған. Бұл видео әлеуметтік желіде таралып, қызды мәжбүрлеп некеге тұрғызу белгілері бар бейнематериал ретінде ұсынылған.

Сот отырысында К. өз кінәсін толық мойындап, бейнежазбаны көп қаралым жинау мақсатында жариялағанын, жасаған әрекетіне өкінетінін айтқан.

Сот қаулысымен К. ӘҚБтК-нің 456-2-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. Десе де әкімшілік құқықбұзушылықты алғаш рет жасағаны және әрекетіне өкінетінін ескере отырып, айыппұл сомасы 30 пайызға қысқартылып, түпкілікті төлейтін сома 60 550 теңге болды.

Қаулы заңда күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью