TikTok, YouTube тан тікелей эфирде құмар ойын өткізіп, 93 миллион теңге табыс тапқан

22.12.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

ҚМА Шымкент қаласы бойынша департаменті заңсыз онлайн-ойын бизнесін ұйымдастырған адамдар тобының әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыру үшін олар банктік карталар рәсімделген «дроптарды» пайдаланып, ақша қолма-қол шығарылған.

— Жалпы қылмыстық табыс 93 млн теңгеден асып, сол қаражатқа күдіктілер Hyundai Sonata автокөлігін және тұрғын үйі бар жер телімін сатып алған, — делінген ҚМА хабарламасында.

Соттың санкциясымен аталған мүлікке тыйым салынды. Екі күдікті екі ай мерзімге қамауға алынды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью