Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Сот мәліметінше, ол 2026 жылдың 15 қаңтарында TikTok желісінде өзін ұрлап кету фактісі болғаны жөнінде бейнежазба жариялаған.
— Аталған бейнежазба әлеуметтік желі парақшасында таралып, қызды мәжбүрлеп некеге тұрғызу белгілері бар бейнематериал ретінде ұсынылған. Сот отырысында К. өз кінәсін толық мойындап, бейнежазбаны көп қаралым жинау мақсатында салғанын, жасаған әрекетіне өкінетінін түсіндірді, — деп хабарлады соттан.
Сот қаулысымен ҚР ӘҚБтК-нің 456-2-бабының 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, К.-ге 20 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Еске салайық, бұған дейін Конституцияда мәжбүрлі некеге қарсы құқықтық негіз қалыптастырылатынын жазғанбыз.