Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Осыдан тура 100 жыл бұрын, «Еңбекші қазақ» газетінің 1926 жылғы №29 санында «Баспасөз қатесіз болсын!» деген мақала жарияланды. Авторы – Міржақып Дулатұлы. Міржақып мақаласын Мадияр бүркеншік есімімен жазды.
Міржақып мақаласында қате басылған сөздің мағынасы да, ажары да бұзылатынын айта келіп, қазақ баспасөзіндегі емле қатесін сөз етеді. Әсіресе қате басылған кітаптардың қоғамға тигізетін рухани һәм материалдық зиянын нақты мысалдармен дәйектейді. Қазақ баспасөзіндегі сауатсыздықтың ұлттық мәдениетке нұқсан келтіретін үлкен мәселе екенін алға тартып, бұл іске жазушылар да, корректорлар да, баспа орындары да жауапты екенін еске салады. Міржақып мақаласының соңында: «Тегінде, бізге дұрыс емлеге бойсұнбай болмайды», – дей келіп, 9 нақты ұсыныс айтады. «...Осы көрсеткен шаралар орындалатын болса, бұдан кейін баспасөзіміз қатесіз шығады деп сене аламыз. Баспасөздің қатесіз шығуы жағын олқы жұмыс деп қомсынбай, айрықша көңіл бөлетін уақыт жетті», деп қорытындылайды. Осылайша, ол сын айтып қана қоймай, мәселенің шешімін де қатар ұсынады.
Міржақып бұл мақаланы неге жазды? Өйткені 20-жылдары қазақ қоғамында әліпби, емле мәселесі күн тәртібінде тұрды. Сол себепті Міржақып осы мақаласы арқылы баспасөздің сапасын көтеруді мақсұт тұтты. Қарап отырсақ, бұл тақырып әлі де өзекті. Ақпарат тарату жылдамдаған сайын мәтіннің сапасы төмендеп барады. Әсіресе сайттар мен олардың әлеуметтік желілерінде орфографиялық қателер, мағыналық бұрмалаулар кездесіп қалады. Сол секілді латын қарпімен жазылған дүкен, мекеме атауларында да бірізділік жоқ. Бұл да өз кезегінде емле мәселесін туындатып отыр. Әлбетте мәселе бір ғасыр бұрынғыдай күрделі емес, алайда толық шешілді деуге де әлі ерте.
Қай заманда болсын, тіл тазалығы қоғам дамуының айнасы саналады. Міржақып 1926 жылы жазылған тағы бір мақаласында бұл тақырыпқа арнайы тоқталады. «Ауыл тілі» газетінің 1926 жылғы №1 санында жарияланған «Қазақ тілінің мұңы» мақаласында Міржақып Дулатұлы қазақ тілінің тағдыры, оның бұрмалануы мен қорлануын ашына жазады. Мадияр бүркеншік атымен жарияланған мақалада Міржақып қазақ тілі атынан сөйлеп: «Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбұлдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім. Енді қандаймын? Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым. Мен не көрмедім?» – деп мұң шағады. Мақаланың ерекшелігі сонда – ол тілді кейіптеу әдісі арқылы сөйлетеді. Бір мақала аясында тілдің шұбарлануы, сауатсыз аударма, жасанды терминдер, «қазақыландыру» секілді бірнеше мәселені қамтиды. Сондай-ақ мақаласының соңында қазақ тілін қорғаушы, жанашыр тұлға ретінде Жалау Мыңбайұлына үн қатады: «Жалаужан, мен саған жалынам, «Ауыл тілін» шығарамын, газетім нағыз ауыл тілімен, таза қазақ тілімен жазылады дегенде ішім елжіреп кетеді… Сенің не керегіңе мен дайынмын. Бірақ мені қорға, таза сақта, көрінген тілмәштарыңа тағы да қор қылма». Осылайша, Міржақып қоғамдағы қордаланған мәселеге үн қосып, тілдің қадірін көтеруді, шала аудармадан сақтануды, ана тілінің табиғи қалпын сақтауды талап етті.
Мадиярдың екі мақаласын неге мысал еттік? Екі мақала да тура 100 жыл бұрын жазылды. Екеуі де тіл тақырыбын қаузады. Біріншісінде – баспасөздегі емле қатесі, екіншісінде тілдің шұбарлануы мен шала аударма мәселесі көтерілді. Яғни екі мақалада да тілге жанашырлық басым. Екеуінде де тіл қатынас құралы ғана емес, ұлттық болмыстың өзегі ретінде қарастыралады. Шынында, тіл – ұлттық болмысымыздың негізі. Бұл тақырыптың жүз жыл өтсе де өзекті бола беретіні бәлкім содан болар!
Соңғы жаңалықтар
Саясат • Бүгін, 08:48
Төрт жасында 6-сыныптың есебін шығарады
Аймақтар • Бүгін, 08:45
Құқықтық мәдениетті нығайтатын қадам
Қоғам • Бүгін, 08:43
Тіл тазалығы – ғасырға ұласқан мәселе
Тарих • Бүгін, 08:40
Қоғам • Бүгін, 08:38
Басылым • Бүгін, 08:35
Бұқтырылған киік еті саудаға шықты
Өндіріс • Бүгін, 08:32
Таным • Бүгін, 08:30
Еңбек нарығы: маман көп, жұмысшы тапшы
Еңбек • Бүгін, 08:28
Бексұлтан Нұржеке, Қазақстанның Халық жазушысы: Келешекке деген үміт шырағы ешқашан да сөнбеуге тиіс
Сұхбат • Бүгін, 08:25
Ақтауда урологиялық операция жасалады
Медицина • Бүгін, 08:23
Отаншылдық ұғымын қалай түсінесің?
Жастар • Бүгін, 08:20
Қауіпті дертті сәулемен емдейді
Аймақтар • Бүгін, 08:17
Жастар • Бүгін, 08:15
Коалиция мүшелері Алматы облысы жұртшылығымен жүздесті
Реформа • Бүгін, 08:12