Тимофей Скатов Мароккода негізгі жарысқа жолдама алды

30.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстандық теннисші іріктеу сайысының финалында әлемнің 141-ракеткасы, тунистік Моэ Эшаргидің мысын басты.

Екі партия да 6:3 есебімен тәмамдалды.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсекеде Скатов 5 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың үшеуін құр жіберген жоқ. Эшарги 6 эйспен шектелді.

Осылайша, Тимофей Скатов негізгі жарысқа жолдама алды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Тимофей Скатовтың Мароккодағы турнирді сәтті бастағанын жазған едік.

Сондай-ақ Юлия Путинцеваның Чарльстон турниріндегі қарсыласы анықталды.

Сонымен қатар Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) АҚШ-тағы Майами турнирінен кейін жаңартылған рейтингіні жария етті

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью