Тимофей Скатов Шымкент турнирінің 1/8 финалына шықты

21.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемдік рейтингіде 361-орында тұрған украиналық Олег Приходьконы сынап көрді.

Екі сет те 6:4 есебімен аяқталды.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған кездесуде Скатов 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Приходько 7 эйс, 2 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Тимофей Скатов ширек финалға шығу үшін рейтингіде 526-сатыдағы ресейлік Святослав Гулинмен таласады.

Өз елімізде өтіп жатқан додада басқа қазақстандық теннисшілердің бәрі де жекелей сында жарыс жолынан шығып қалды.

Атап айтқанда, бүгін 18 жастағы Әмір Омарханов молдовалық, тәжірибелі Раду Алботқа жол берді — 1:6, 4:6.

Сондай-ақ 17 жастағы Заңғар Нұрланұлы 1 сағат 52 минутта аяқталған тартысты бәсекеде ресейлік Иван Гаховқа есе жіберді — 3:6, 5:7.

Денис Евсеев америкалық Дали Бланштан 6:7 (2:7), 1:6 есебімен ұтылып қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бублик пен Шевченконың Мадрид мастерс турнирінде бақ сынайтынын жазған болатынбыз.

Жібек Құламбаева жұптық сында Қытайдағы турнирдің ширек финалына шықты.

Михаил Кукушкин Оңтүстік Кореядағы турнирде қарсыласын камбэкпен ұтты.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью