Тимур Авенов: Жаңа Конституцияда адамның негізгі құқықтары мен цифрлық құқықтары бірдей қорғалады

12.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

– Конституцияның мәтініндегі өзгерістерді оқу және түсіну маңызды. Жаңа нұсқада адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің басты басымдығы ретінде белгіленген. Бұл азаматтардың құқықтық шешімдері енді нақты стандарттармен қорғалатынын білдіреді. Екіншіден, әділдік, заң және тәртіп жаңа Конституцияның негізгі тірегіне айналды. Мұндай нормалар заң шығарушы және құқық қорғаушы мамандар үшін маңызды бағдар. Өйткені осы өзгерістер құқық жүйесін сапалы әрі әділ дамытуға оң серпін береді, - дейді Тимур Авенов.

Сарапшының пікірінше, жаңа Конституцияда адамның негізгі құқықтарымен қатар цифрлық жеке құқықтары бірдей дәрежеде қорғалады. Бұл – жаһандану дәуірінде қоғам үшін ең керекті өзгеріс.

- Азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғау маңызды. Бұл мәселенің Конституция деңгейінде бекітілуі цифрлық технологиялардың қоғам өмірінде айрықша маңызға ие болғанын көрсетеді. Жеке деректердің қорғалуы мен цифрлық қызметтердің қауіпсіздігі – заманауи құқықтық жүйенің басты талаптарының бірі. Сондықтан мұндай нормалардың Ата заңда айқындалуы азаматтардың құқықтарын жаңа дәуір талаптарына сай қорғауды күшейтеді, - дейді маман.

Осы ретте Тимур Авенов Конституцияға енгізілген өзгерістердің уақыт талабына сай жасалып жатқанын да атап өтті. Оның сөзінше, соңғы жылдары елде әділдікке және сапалы мемлекеттік басқаруға деген сұраныс артқан. Сондықтан цифрлық заманда қоғамға түсінікті әрі жауапты ережелер қажет екенің мәлімдеді.

- Жаңа Конституция жобасы кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады. Заңды жаңарту құқықтық жауапкершілікті күшейтіп, екіұшты нормаларды жояды. Бұл адам құқықтарын қорғауды нығайтып, мемлекеттік институттарға деген сенімді арттырады. Осы тұрғыдан алғанда, Конституцияның жаңа редакциясы – жаңа қоғамның көрінісі. Ол азаматтарға түсінікті болып, құқықтық тәжірибеде тиімді қолданылуы тиіс. Енді өзгертіліп, бектілген заңның бәрі нақты практикалық нәтижеде ғана көрінеді, - дейді ол.

Еске сала кетейік, Халық ұсынысы ескеріліп, Конституция жобасына қосымша нормалар енгізілді.

                                                                                          Аружан Арманқызы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью