Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Сайлау 2026 жылғы 26-27 қыркүйекте Өзбекстанның Самарқанд қаласында FIDE Бас ассамблеясы аясында өтеді. Осы аралықта Самарқанда 46-шы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасы да ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Тимур Турлов Қазақстан шахмат федерациясын 2023 жылдан бері басқарып келеді. Осы уақыт ішінде елімізде жас шахматшыларды қолдау бағдарламасы іске қосылып, «Мектептегі шахмат» жобасы кеңінен дамыды. Қазіргі таңда бұл жоба 1 500-ден астам мектеп пен 60 мыңнан астам оқушыны қамтып отыр.
Сонымен қатар 2025 жылы ел шахматшылары халықаралық жарыстарда жалпы 162 медаль жеңіп алды. Оның 64-і – алтын жүлде.
Тимур Турлов өз кандидатурасын ұсыну туралы шешімін Қазақстанда жүзеге асырылған бастамалардың тиімділігімен байланыстырды.
«Соңғы үш жарым жылдағы нәтижелер Қазақстанда қолданылған тәсілдің тиімді екенін көрсетті. Енді осы тәжірибені әлемдік шахмат деңгейінде қолдануға болады деп есептеймін», деді ол.
FIDE ережесіне сәйкес президент пен вице-президент бірыңғай тізім бойынша сайланады. Тимур Турлов сайлауға ұйымның қазіргі президенті Аркадий Дворковичтің командасы құрамында қатысады.
Еске сала кетейік, Тимур Турлов былтыр қарағандылық «Шахтёр» футбол клубын сатып алған болатын.