Тіпті АҚШ қа да сенбеймін : Макрон Еуропаның мүддесі туралы айтты

10.02.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 10 ақпан – Sputnik. Франция президенті Эммануэль Макрон Еуропа өз мүддесін қорғау үшін Украина мәселесі бойынша келіссөз үстеліне өзі отыруы керектігін, өйткені ешкімге, тіпті АҚШ-қа да сенбейтінін мәлімдеді.

"Еуропа Украинада бейбітшілікке тезірек қол жеткізу үшін келіссөз үстеліне отыруы керек деп санаймын, себебі біз еуропа мүддесін қорғауға тиіспіз. Ал мұны мен ешкімге, тіпті АҚШ-қа да сеніп тапсырмаймын", – деді Макрон еуропалық басылымдарға берген сұхбатында.

Өткен аптада Ресей, Украина және АҚШ өкілдері қатысқан жұмыс тобы Дубайда жабық келіссөз өткізді. Бұған дейін, 23-24 қаңтар күндері келіссөздің алғашқы раунды өткен болатын.

Франция президенті Вашингтонға "иіле беру" стратегиясы нәтиже бермегенін атап өтті.

"Мен ешқашан АҚШ-ты, оның халқын немесе басшылығын қорлаған емеспін. Оларды келемеждеген де жоқпын, өйткені АҚШ – өте ірі демократия деп есептеймін. Алайда ашық агрессия жағдайында біз иіле бермеуіміз керек. Біз бұл стратегияны бірнеше ай бойы қолданып көрдік, бірақ ол нәтиже бермеді", – деп келтіреді Макронның сөзін Tagesanzeiger басылымы.

Макронның айтуынша, Париж Мәскеумен қарым-қатынас арналарын қайта қалпына келтіріп жатыр.

"Біз техникалық деңгейде талқылау арналарының жұмысын қайта жандандырдық. Кейіннен бұл тәсілді еуропалық серіктестерім де қолдап, Еуропаның жақсы ұйымдастырылған ортақ ұстанымы қалыптасқанын қалаймын", – деді Франция президенті.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью