Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы Баир Сиқымбаев із-түссіз жоғалып кетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оның жұбайы Ұлжан Шәріпбекова Қазақ радиосының «Бармысың, бауырым?» радиохабарына сұхбат берді. Ұлжан Шәріпбекованың айтуынша, күйеуі Баир Сихимбаев бұған дейін бір-екі күнде байланысқа шығып, жағдайын айтып отыратын, ал қазір 9 күннен бері хабарсыз кеткен.
Баир Сиқымбаев 24 наурыз күні шамамен сағат 13:00-де үйден шығып кетіп, кейін қайта оралмаған.
Сұхбат барысында хабар-ошарсыз кеткен жанның үй сатуды жоспарлап жүргені айтылды. Сонымен қатар «алаяқтардың құрбаны болған жоқ па екен?..» деген де күдік бар.
Маңызды ақпарат білсеңіз: +7 777 983 7896 нөміріне хабарласыңыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.