Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 26 ақпан – Sputnik. Жамбыл облысы Сарысу ауданында тіркелмеген дәрілік заттарды сақтаған тіс емханасы айыппұл арқалады, деп хабарлайды Жамбыл облыстық соты.
Сарысу аудандындағы тіс емханалрының бірінде қолдануға рұқсат жоқ шетелдік дәрі-дәрмектер табылды.
"Стоматологиялық кабинеттердің бірінде Қазақстан аумағында тіркелмеген дәрілік заттар сақталған. Ереван қаласында өндірілген препарат тері астына енгізуге арналған. Оны сатып алғанын растайтын құжаттар жоқ”, - дейді сотта.
"Тіркелмеген, қолдануға рұқсат етілмеген дәрілік заттарды сақтау" фактісі бойынша кәсіпкерге әкімшілік іс қозғалды. Ол кінәсін мойындап, бұл дәрілік заттарды жеке пайдалану үшін сатып алғанын айтқан.
Сот қаулысымен емхана қызметі 10 тәулікке тоқтатылып, 605 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Заңсыз дәрілік заттар тәркіленді.