Тісте құм шықырлайды шаң Алматы тұрғындарына маза берер емес

24.09.2026

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Алматы тұрғындары бір ай бойы құрылыс және жол жөндеу жұмыстары кезінде шаң-тозаң көтерілетініне шағымданып жатыр. Әлеуметтік желілерде қаланың түкпір-түкпірінен видео мен жазбалар жарияланған. Қалалықтар шаңды басу шаралары жеткілікті деңгейде жүргізіліп жатпағанын айтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осындай жарияланымдардың бірінде: "Алматы әкімдігіне қаладағы жарты жылға созылған шаң үшін рақмет", деген жазбамен видео тіркелген.

Жазба авторы қай құрылыс нысаны туралы айтып отырғанын нақтыламаған. Бұл ретте кейінгі кезде әлеуметтік желілерде мұндай шағымдар жиілеп кетті.

Тағы бір жазбада Алматы тұрғыны қаладағы шаң мәселесін эмоциялық түрде сипаттаған.

"Алматы. Сұмдық шаң. Құрылыс шаңы. Барлық жерде! Ешкім құрылыс жұмыстарын жүргізу ережелерін сақтамайды. Шаң басу шаралары мүлдем жоқ. Адамдардың бәрі аллергия болып бітті", - деп жазды қала тұрғыны.

threads.com скриншоты

"Ауызға құм кіреді"

Тағы бір қолданушы жол жөндеу жұмыстары кезіндегі шаңға назар аударды. Ол жазбасын мынадай сұрақтан бастаған:

"Алматыда жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көшеден өткенде ауызға құм кіретінін сезесіз бе?" - деп жазды автор.

Ол өтіп бара жатқан адамдарға құрылыс шаңы тек жайсыздық тудырса, жұмысшылардың денсаулығына нақты қауіп төндіретінін атап өтті.

"Бордюр мен бетонды құрғақтай кескенде кристалды кремний диоксидінің шаңы бөлінеді. Ол силикоз ауруын – өкпе тіндерінің қайтымсыз зақымдануын тудырады, бұл дерт емделмейді", - дейді ол.

Автордың айтуынша, мұндай шаңның әсерін азайту үшін кескіш дискіге су беріліп, тыныс алу органдарын қорғайтын құралдар болуы керек. Оның айтуынша, алайда жарияланған видеода жұмысшылардан мұндай қорғаныс құралдары байқалмайды.

"Бұл не қылған көмір тозаңы?"

Сондай-ақ Алматы тұрғындары шығу тегі белгісіз тозаңға шағымданып жатыр. Қалқаман ауданында түсірілген видеолардың бірінде автор: "Бұл не қылған көмір тозаңы? Алматылықтар, кім біледі?" - деп сұрақ қояды.

Ол видеода қара түсті үлкен тозаңды көрсетеді.

Threads желісінен көру

Tengrinews.kz тілшілері қалалық қызметтерге кейінгі айда құрылыс шаңына қатысты қанша шағым түскені, көбіне қай нысандар шағымға себеп болатыны және мердігерлерге шаңды басу бойынша қандай талаптар қойылатыны туралы сауал жолды. Сондай-ақ редакция тұрғындар шаңға шағымданған аудандарда ластаушы заттардың шоғырлануы шекті деңгейден асқан-аспағанын сұрады.

Материал жарияланған сәтте жауап берілген жоқ.

Алматыда тозаңның жоғары мөлшері тіркелді

Құрылыс шаңынан бөлек, Алматыда өсімдік тозаңының жоғары мөлшері өзекті мәселе болып тұр. Бұған дейін ғалым Қайсар Табынов Алматыда жусан тозаңының концентрациясы бойынша маусымдық рекорд орнағанын хабарлаған болатын. Оның айтуынша, биыл қалада бірнеше аллергеннің өте жоғары концентрациясы байқалады, бұл аллергиясы бар адамдардың ауру белгілерін күшейтуі мүмкін.

Оның 21 және 22 қыркүйек бойынша жаңартылған мәліметіне сәйкес, жусан тозаңының мөлшері бір текше метрге сәйкесінше 1256 және 1654 түйіршік болған. Осы екі күнде ауадағы барлық тозаңның 93,1 пайызы тіркелген. Мамандардың болжамы бойынша, жоғары көрсеткіштер кем дегенде аптаның, тіпті айдың аяғына дейін сақталуы мүмкін.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью