Тіземді ұстады : пойызда қызға тиіскен 69 жастағы ер адам ұсталды

02.09.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

АСТАНА, 1 қыркүйек – Sputnik. "Маңғыстау – Алматы" бағытындағы жолаушылар пойызында қызға тиісті деген күдікпен 69 жастағы ер адам ұсталды.

Бойжеткеннің айтуынша, пойызда белгісіз ер адам оның тізесінен ұстаған.

Оқиғадан кейін Қызылорда станциясындағы көліктегі полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын анықтады.

"Қызылорда қаласының 69 жастағы тұрғыны ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны және түнгі уақытта тыныштықты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", – деп хабарлады Көліктегі полиция департаменті.

Тыныштықты бұзғаны үшін ер адамға айыппұл салынды. Ал ұсақ бұзақылық фактісі бойынша жиналған материалдар соттың қарауына жіберілді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью