Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасы мәліметінше, Алматыда 10 мыңға жуық көппәтерлі үй бар. Оларды қалай дұрыс басқарып, ортақ мүлікті қалай күтіп ұстау керек? Қала тұрғындары тегін кеңес алуға шақырылады. Tengri Home осы іс-шаралар өтетін орындар мен уақытын жариялайды.
Поделиться
Үйдегі жайлылық, қауіпсіздік және өмір сүру сапасы тек мүлік иелерінің бірлестігі (МИБ), ПИК немесе басқарушы компанияларға ғана байланысты емес. Алматы Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері бұл мәселеде тұрғындардың бастамасы мен белсенділігі маңызды деп санайды. Алайда ол үшін салалық заңнама мен ТҮКШ жүйесі жұмысының негіздерін түсіну қажет.
"Тәжірибе көптеген даулы жағдай тұрғындардың тұрғын үй заңнамасының талаптарынан хабарсыз болуынан туындайтынын көрсетті. Өтініштердің басым бөлігі ортақ пайдаланылатын орындарды қолдануға, МИБ төрағаларының өкілеттіктеріне, ПИК-терді қайта тіркеуге, сервистік ұйымдармен шарт жасасуға, сондай-ақ көппәтерлі үйлерге қызмет көрсету сапасына қатысты болып келеді", - деп нақтылады басқарма өкілдері.
Осыған байланысты, қалада пәтер иелері, МИБ және ПИК төрағалары, сондай-ақ басқарушы ұйым өкілдері үшін тегін әдістемелік және заңгерлік кеңес беру жұмыстары басталады.
Кеңестер келесі мекенжайлар бойынша өткізіледі:
Алматы тұрғын үй инспекциясында (Достық даңғылы, 85, 1-қабат, операциялық зал) - әр сейсенбі және бейсенбі күндері сағат 9:00-ден 12:30-ға дейін; Түрксіб ауданының ресурстық орталығында (Сауранбаев көшесі, 2) - әр дүйсенбі сайын сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін; Алматы қаласының ПИК қауымдастығында (12-ші шағынаудан, 2-үй, 42-кеңсе).Тағы оқыңыз: Алматыдағы реновация: қай жерлерде үйлер бұзылып, қай аудандар кезекте тұр?
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу