ТМД цифрлық іздер арқылы халықты есепке алу бойынша пилоттық жобаны іске асырмақ

06.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. ТМД цифрлық іздер негізінде халықты есепке алу жөніндегі пилоттық жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ПХЭФ аясында өткен Байланыс саласындағы өңірлік достастық форумында Sputnik тілшісіне ТМД Статистика комитетінің басшысы Константин Лайкам айтты.

"Біз биыл халық санын анықтауға арналған осындай пилоттық жобаны іске асыруға үміттіміз. Әңгіме елді мекендер бойынша тұрғындар санын айқындау туралы болып отыр.Бұл – өте күрделі міндет. Дегенмен осы бағытта айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бар деп сенемін. Яғни дәстүрлі халық санағын жүргізіп, үйлерді аралаудың орнына әр адамның цифрлық ізін пайдалану тетігіне көшу қажет", — деді Константин Лайкам.

Жоба халық санағын жүргізудің дәстүрлі тәсілінен — үйлерді аралап дерек жинаудан бас тартып, елді мекендердегі тұрғындар санын азаматтардың цифрлық іздерін талдау арқылы анықтауды көздейді. Бұл ретте негізгі дерек көзі ретінде ұялы байланыс операторларының мәліметтері пайдаланылмақ.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью