ТМД елдері Достастықтың 35 жылдығына арналған мәлімдеме қабылдады

09.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) мүше елдер ұйым аясындағы жан-жақты ынтымақтастықты нығайтуды көздеп отыр. Бұл туралы ТМД құрылғанына 35 жыл толуына орай мемлекет басшылары қабылдаған мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Құжатта ТМД елдері ұйым аясында түрлі салалардағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екені көрсетілген.

"ТМД аясындағы саяси, экономикалық, технологиялық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайту мемлекеттеріміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және әлеуметтік-экономикалық дамуына қолайлы жағдай қалыптастырады деп санаймыз", – делінген мәлімдемеде.

Құжатта әлемдік саясат пен экономикадағы жағдайға да баға беріліп, ТМД аясындағы ынтымақтастық пен интеграциялық үдерістерді тереңдетудің алдағы бағыттары айқындалған.

ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы Түрікменстандағы "Аваза" ұлттық туристік аймағында өтіп жатыр.

Кездесуде ТМД елдерінің 35 жыл ішіндегі ынтымақтастығы қорытындыланып, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға арналған құжаттар қабылданады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью