Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
ТМҰ-ға мүше елдер басшылары түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалады. Бұл туралы Ақорда жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Концертте «Түркі әлемі» ансамблі мен Түркия Республикасы Президенттік симфониялық оркестрі Ұйымға мүше елдердің ең таңдаулы музыкалық шығармаларын орындады.
Құрметті қонақтар түркі халықтарының ұлттық билерін тамашалады. Сондай-ақ іс-шара аясында түркиялық танымал әнші Кырач пен Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген өнер көрсетті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.