Төбелеске қатысқан басшыны лауазымынан босату туралы шешім қабылданды

09.12.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өңірдегі барлық деңгейдегі мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өткен оқиғаларға, оның ішінде мемлекеттік қызметшілердің жағымсыз жағынан аталуы және сынға алынған мақалаларға тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. 

Өз кезегінде әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған мемлекеттік қызметшінің қатысуымен болған төбелес оқиғасы Департаменттің назарына алынып, тиісті жұмыстар жүргізілді. 

Нәтижесінде, көпшіліктің назарына ілініп, төбелесу оқиғасына қатысқан Түркістан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы С. Жалықұлды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңестіңағымдағы жылғы 5 желтоқсандағы шешімімен «атқаратын мемлекеттік лауазымынан шығару» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью