Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қостанайдың «Тобылы» Суперкубок Қазақстан матчында «Қайратты» пенальти сериясында жеңіп, маусымды жүлдемен бастады. «Астана Аренада» өткен кездесудің негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Пенальтиде қостанайлықтар 5:4 есебімен басым түсті.
Есеп ойынның басында ашылды. 6-минутта Луи Герра «Тобылды» алға шығарды. Кейін «Қайрат» таразы басын өз жағына аударып, бірінші таймда екі гол соқты. Ал кездесудің аяқталуына аз уақыт қалғанда Асхат Тағыберген айып добын дәл орындап, есепті теңестірді.
Жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Бұл кезеңде «Тобыл» ойыншылары мүлт кеткен жоқ. Ал «Қайрат» сапында алғашқы соққыны орындаған Рикардиньо гол соға алмады.