Тобылғының емдік қасиеті

17.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Федоров ауданындағы Ыбырай мектебінің мұғалімі Айдын Диханбай қолдан қамшы, торсық, былғары белбеу жасайды. Қазір мектеп жанынан үйірме ашып, оқушыларды ұлттық қолөнерге баулып жүр.

Шебердің қолынан шыққан дүние­­лерді жұрт аттай қалап алып кетіп жатады. Әсі­ресе қам­шыға тапсырыс беруші көп. Қолөнер шебері кәсібіне керек шикізатты жұрттан тері жинап, оны илеп, кейін қайыстан таспа тіліп өзі жасап алады.

«Ал тобылғыны күз кезін­де Торғай­дан, Алматы жақ­тан тау­дан алдырамыз. Бірақ Тор­ғай­дың тобылғысы мен тау­­дың то­былғысының айырма­шы­­лығы бар. Торғайға жаңбыр аз жауады, шөлейтті, ыстық бо­лып келеді. Тобылғы соған бейім­деледі де, шымыр болып өседі. Біріншіден, дала то­был­ғысының сыртқы қабығы еш­қашан түспейді. Май жағып, отпен қыздырсаңыз, қып-қы­зыл болып өз түсін береді. Екін­шіден, ылғалы аз шөлейтті жерде өскендіктен, өзегі иненің кө­зіндей ғана болады. Ал таудың то­былғысын қыздырсаңыз, қа­бығы түлейді де, астынан екінші қабық шығады. Ылғалы мол топырақта өскендіктен, өзегі де шеге сыйып кететіндей жуан болады», дейді қолөнер шебері.

Айдынның айтуынша, то­былғыны қыздырып, күйдірген кезде ерекше иіс шығады. Сол иістің адам денсаулығына да пайдасы бар болса керек. Сон­дықтан қазақтың күбіні тобыл­ғымен ыстап жататыны да бекер емес.

«Тобылғыны жағады да, түтініне күбіні төңкеріп қояды. Ал түтіннің ысын ұстап қалу үшін күбінің ішіне қаймақ жағады. Ыс сол қаймаққа сіңе­ді. Кесеге қымыз құйғанда бетінде бір қара май жүреді ғой, сол – осы тобылғының майы. Қазір оны көбі сүзіп алып тастап жатады. Оны алмау керек, керісінше дәмін шығарып, иін қандырып тұрып ішу керек. Өйткені тобылғының асқазанға пайдалы емдік қасиеті болады. Халықта «қымыз қырық ауруға ем» деген сөз бар. Сол қырық емнің бірі тобылғы арқылы тарайды. Тобылғымен ысталған күбіден қымыз ішкен адам ешқашан ішек ауруымен ауырмайды», дейді шебер.

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Ертең кейбір өңірлерде ауа температурасы 45 градусқа дейін төмендейді

Ауа райы • Кеше

ҚазҰУ-да Ұшқышсыз авиация орталығы ашылды

Ғылым • Кеше

Алматыда жекеменшік мектептердің мәселелері талқыланды

Білім • Кеше

БҚО-да үш жыл бойы алимент төлеуден жалтарған ер адам қамауға алынды

Заң • Кеше

Ақтауда ауыз су өндіру қуаты кезең-кезеңімен артып жатыр

Инфрақұрылым • Кеше

Әкімінің орынбасары Бейнеуде жол апатынан зардап шеккендердің жағдайымен танысты         

Қоғам • Кеше

Семейде «Абайдың зияткерлік ізімен» тоғызқұмалақ үйірмесі ашылды

Аймақтар • Кеше

Футзалдан Қазақстан құрамасына жаңа бас бапкер келді

Спорт • Кеше

Қазақстан телеарналары қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді

Спорт • Кеше

Алматыда Пушкин көшесінің бір бөлігі жүргіншілер бульварына айналды

Алматы • Кеше

Бізде қателесуге жол жоқ: Энергетика министрі Алматыдағы ЖЭО-3 жаңғырту қарқынын сынға алды

Энергетика • Кеше

Үкімет жеке медициналық ұйымдарды қаржыландыруда көптеген заңбұзушылықтарды анықтады

Үкімет • Кеше

Банктер және банк қызметі туралы жаңа заңда қандай мәселелер қамтылған?

Заң • Кеше

Қазақ − қырғыз шекарасындағы өткізу пункті тәулік бойы жұмыс істеуі мүмкін

Қоғам • Кеше

Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қалай реттеліп жатыр?

Медицина • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью