Тоғыз келі салмақ тастадым : Тоқаев алғаш рет өзінің денсаулығы жайлы ашып айтты

05.01.2026

Arasha.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында денсаулығына қатысты айтылып жүрген әңгімелерге жауап берді, деп хабарлайды Arasha.kz.

Президенттің айтуынша, денсаулығы жақсы, қан қысымы қалыпты. Ол күн сайын йогамен айналысуды әдетке айналдырғанын, алайда медитация жасамайтынын айтты. Сонымен қатар бұрынғы кәсіби спортшымен аптасына екі рет үстел теннисін ойнайтынын жеткізді.

"Расымен, тоғыз келі салмақ тастадым. Қазір өзімді әлдеқайда сергек әрі жайлы сезінемін", – деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Тоқаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путин арасындағы кездесуге қатысты пікірін білдірген еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью