Тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді

14.11.2025

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Алдағы аптада Алматыда жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтеді.

Ойлылардың ойынына 16 мемлекеттің ойыншылары қатысады. Азия, Еуропа, Латын Америка құрлықтарынан келетін елдердің құрамында 5 спортшыдан болады. Бұл жолғы жарыстың ерекшелігі чемпионат онлайн және офлайн форматта өтпек. 17 мен 23 қараша аралығында өтетін сайыста 17 жасқа дейінгі 200-ге жуық жасөспірімдер бағын сынайды. 

Тұрсын Әкім, ҚР Тоғызқұмалақ спорт федерациясының президенті:

- Классикалық яғни гибрид формат деп айтамыз ғой. Елге келген сол жерде бар ойыншылар тақтада ойнайды. Егер ол ойыншымен мысалы, Колумбияның ойыншысы түсетін болса, келесі турда ол онлайн форматта ойнайды. Бізде қазір «плэй офф ком» деген польшалық платформа бар. Сол жерде ұйымдастырылады.

 

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью